Этап бойынша жоғарғы балл 100 балл. Тақырып №4: Жатыр мойнының лейкоплакиясы және эритроплакиясы

Тақырып №4: Жатыр мойнының лейкоплакиясы және эритроплакиясы. Клиникасы. диагностикасы, емдеу әдістері

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар:

1. Лейкоплакия термині қандай маңына береді?

2. Қарапайым және пролифирлеуші лейкопакияның морфологиялық сипаттамасы. Қай формасы рак алды процесіне жатады?

3. Қандай факторлар жатыр мойны лейкоплакиясына әкеледі?

4. лейкоплакияның клиникалық симтоматикасы қалай көрінеді?

5. Лейкоплакияның айнамен қараған кездегі көрінісі қандай?

6. лейкоплакияның кольпоскопиялық көрінісі қандай?

7. 3 уксус қышқылымен өңделгеннен кейінгі жатыр мойнының кольпоскопиялық көрінісін бағалаңыз.

8. Эритроплакия термині қандай маңына береді

9. Эритроплакияның кольпоскопиялық көрінісі қандай?

10. Бұл патологияның клиникалық симтоматикасы қалай көрінеді?

11. Қандай зерттеу әдістері қолданылады?

12. Эритроплакияның айнамен қараған кездегі көрінісі.

13. Жатыр мойнының лейкоплакиясы мен эритроплакиясының еміндегі негізгі принциптерді атаңыз.

14. Қандай емдеу әдістері қолданылады?

15. Эксцизия көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған ситуациялық есептер:

Есеп №1

31 жасар Н., деген әйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 5 күне өтеді, 30 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 25 жастан, тұрмыста. Жүктілігі-4, босану-2. Медаборт -2.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойнында ақшыл түсті, контуры тегіс табақшалы (бляшки) аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.



PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Кеңейтілген кольпоскопия:жатыр мойнында алдыңғы және артқы еріндеріндеақшыл түсті, контуры тегіс, көлемі 0,5х1,0 см болатын 2 табақшалы (бляшки) аймақ анықталды, Люголь ертіндісімен өңделгеннен кейін – йоднегативті реакция.

уретрадан жане цервикальды каналдан gn және trich жағынды алу:

уретра Цервикальды канал
Эпителиальды клеткалар 3-4 5-6
Лейкоциттер 2-3 4-5
Трихомонадалар таза таза
Гонококтар таза таза
флора Гр. Отр. Палочки Гр. Отр. Палочки

Жатыр мойнының патологиялық аймағынан бағытталған биосия арқылы алынған биоптаттың гистологиялық қорытындысы: атипиясыз лейкоплакия.

Тапсырма:

4. Дүрыс диагноз қойыңыз

5. Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

6. Емдеу тактикасын таңдаңыз.

Есеп №2

29 жасар Н., деген әйел әйелдер консультациясына профилактикалық тексеруге келді, шағымдары жоқ.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 3 күне өтеді, 30 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 кунбұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 23 жаста, тұрмыста. Жүктілігі-3, босану-1. Медаборт -2.



Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойнында ақшыл түсті, контуры тегіс табақшалы (бляшки) аймақ анықталды. Бөлінділер – шырышты.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Кеңейтілген кольпоскопия:жатыр мойнында алдыңғы ернінде ақшыл түсті, контуры тегіс, көлемі 0,5х0,5 см болатын 3 табақшалы (бляшки) аймақ анықталды, Люголь ертіндісімен өңделгеннен кейін – йоднегативті реакция.

уретрадан жане цервикальды каналдан gn и trich жағынды алу:

уретра Цервикальды канал
Эпителиальды клеткалар 3-4 5-6
Лейкоциттер 2-3 4-5
Трихомонадалар таза таза
Гонококтар таза таза
флора Гр. Отр. Палочки Гр. Отр. Палочки

Жатыр мойнының патологиялық аймағынан бағытталған биосия арқылы алынған биоптаттың гистологиялық қорытындысы: атипиясыз лейкоплакия.

Тапсырма:

1) Дүрыс диагноз қойыңыз

2) Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

3) Емдеу тактикасын таңдаңыз.

Есептің жауабы

Негізгі симптомдары;

- Айнамен жатыр мойнын қарағанда ақшыл түсті, контуры тегіс табақшалы (бляшки) аймақ анықталды.

Қосымша зерттеу әдістері:

- уретрадан жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу

- кеңейтілген кольпоскопия

- бағытталған биосия гистологиялық тексерумен бірге

Анализдер интерпретациясы:

- уретрадан жане цервикальды каналданgn и trichжағынды алу - патологиясыз

- кеңейтілген кольпоскопияда - жатыр мойнында алдыңғы және артқы еріндерінде ақшыл түсті, контуры тегіс, көлемі 0,5х1,0 см болатын 2 табақшалы (бляшки) аймақ анықталды, Люголь ертіндісімен өңделгеннен кейін – йоднегативті реакция

- гистологиялық зерттеудің қорытындысы: атипиясыз лейкоплакия

Салыстырмалы диагностикасы:

- Жатыр мойының псевдорозиясы

- Жатыр мойының рагы

Қортынды диагнозы: Жатыр мойны лейкоплакиясы

Емі: жатыр мойнының жатыр мойнының диатермоэксцизиясы

Есептің жауабы

Негізгі симптомдары;

- Айнамен жатыр мойнын қарағанда ақшыл түсті, контуры тегіс табақшалы (бляшки) аймақ анықталды.

Қосымша зерттеу әдістері:

- уретрадан жане цервикальды каналданgn жәнеtrich жағынды алу

- кеңейтілген кольпоскопия

- бағытталған биосия гистологиялық тексерумен бірге

Анализдер интерпретациясы:

- уретрадан жане цервикальды каналданgn және trich жағынды алу – патолоиясыз

- кеңейтілген кольпоскопияда - жатыр мойнында алдыңғы ернінде ақшыл түсті, контуры тегіс, көлемі 0,5х0,5 см болатын 3 табақшалы (бляшки) аймақ анықталды, Люголь ертіндісімен өңделгеннен кейін – йоднегативті реакция.

- гистологиялық зерттеудің қорытындысы: атипиясыз лейкоплакия

Салыстырмалы диагностикасы:

- Жатыр мойының псевдорозиясы

- Жатыр мойының рагы

Қортынды диагнозы: Жатыр мойны лейкоплакиясы

Емі: жатыр мойнының диатермоэксцизиясы


1478348371489218.html
1478420027978218.html
    PR.RU™